Алматы облысында ұзақ жасаған аналар саяси науқанда өз таңдауларын жасап, дауыс берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әже тылда еңбек еткен. 15 немере, 12 шөбере, 5 немене сүйіп отырған кейуана әр қазақстандық саяси науқанда өз таңдауын жасау керек дейді.
«Балаларымның болашағы үшін дауысымды беріп отырмын. Елімнің өркендеуін, халқымның амандығын тілеймін»,- деді 111 жастағы кейуана Нұржамал Мергенбаева.