Бұл туралы С.Көшекбаев аудандық мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл - аудан тарихындағы тек егіздердің қатысуымен өткен алғашқы іс-шара. Оларға көрсетілген құрмет те ерекше болды. Шеруге 48 егіз, 1 үшем барлығы 99 адам қатысты.
Егіздер шеруде өз өнерлерін паш етті. Бірге би билеп, әуелетіп ән де шырқады.
- Шерудің басты мақсаты - егіздердің басын қосу арқылы тұрғындардың көп балалы болуға ниетін ояту, егіздермен танысу және олардың арасындағы достықты нығайту, деді Ж.Сағындықов.
Іс-шараны қорытындылаған аудандық мәдениет үйінің директоры Ж.Сағындықов іс-шараға қатысқан егіздерге Алғыс хат пен «Тамаша» ойын-сауық кешеніне сертификаттар мен тәттілер табыстады.