Ғалымдар Жердің жаңа қабатын анықтады

Ғалымдар қазіргі Түркияның астындағы мантияның жоғарғы қабатының сейсмикалық суреттерін зерттеу барысында жер қыртысының астынан жартылай балқыған жаңа жыныс қабатын тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап.

Бұрын белгісіз болған жер қабаты бізден 161 км төменде жатыр. Бұл тектоникалық плиталардың астында орналасқан астеносфераның бөлігі.

Астеносфера - тектоникалық плиталардың қозғалысы мен жылжуын тудыруы мүмкін тығыз, бірақ икемді жыныстардың жұмсақ қабаты. Бұл қабат қозғалыс арқылы тауларды қалыпқа келтіріп, дүние жүзіндегі мезгіл сайынғы жер сілкіністерін туғызып отырған. Сонымен қатар Жер дамуының алғашқы кезеңдерінде тіршілікті қамтамасыз ету үшін қолайлы химиялық және физикалық жағдайлары бар ортаны құруға ықпал еткен.

Бұл жаңа қабатты ғалымдар қазіргі Түркияның астындағы мантияның жоғарғы қабатының сейсмикалық суреттерін зерттегеннен кейін тапқан. Астеносфера деп аталған бұл жер қыртысының астында жартылай балқыған тау жыныстарының дақтары бар деген болжам жасалған.

Бұрын ғалымдар бұл қабаттың кейбір бөліктерін ғана байқап, оны аномалия деп санаған. Астеносфераның ауқымды картасын құрастырғаннан кейін зерттеушілер олардың қателескенін түсінді. Жаңа қабаттың бар екендігінің белгілері тек Түркия территориясынан ғана емес, бүкіл әлемде табылды. Олар астеносфераның ең ыстық жерінде сейсмикалық карталарда пайда болады. Жаңа зерттеуде ғалымдар бұл қабаттың табиғатын жақсы түсініп, оның неге сонша жұмсақ екенін анықтауға тырысты.

Зерттеу тобы астеносфераның қатты және балқыған жыныстардан тұратынын және тау жынысы кейіннен жартылай еріп кетсе де, бұл тектоникалық плиталардың қозғалысын жеңілдетпейтінін растады.

"Бір нәрсенің балқуы туралы ойлаған кезде, біз интуитивті түрде балқыма материалдың тұтқырлығында үлкен рөл атқаруы керек деп есептейміз. Бірақ балқыманың үлесі айтарлықтай жоғары болса да оның мантия ағынына әсері өте аз екенін анықтадық”,- деді Техастың Джексон атындағы университетінің постдоктаранты Цзюньлин Хуа.

Алынған нәтижелер зерттеушілерге жер астындағы әртүрлі геологиялық қабаттардың қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектесуі мүмкін.

"Бұл зерттеу тектоникалық плиталардың астындағы тақталардың қалай қозғалып, неге әлсіз екенін түсіну үшін маңызды. Бұл температура мен қысымның ауытқуы сияқты басқа факторлардың күшті басқара алатынын дәлелдейді", – деді Цзюньлин Хуа.