Олар мұндай мүмкіндікті «Nxplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі 2.0» республикалық ғылыми жобалар конкурсында жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
- Біздің жобамыз экологияны жақсартуға арналған. Экожылыжайда фиторемидианттық қасиеті бар өсімдіктер өсіреміз. Мұнда өсімдіктер тамшылатып әдісімен суарылады. Жылыжайда фитолампалар орнатылады. Сонымен бірге арудино арқылы жабдықталған құрылғы болады. Құрылғы жылыжайдағы ылғал мен ауа температурасын өлшеп тұрады. Жылыжайда шпинат, күнбағыс сынды өсімдік өсіруді жоспарлап отырмыз,- деді Н. Серікұлы.
Жас ғалымдарға жетекшілік еткен микробиолог Жанар Нұртөлеудің айтуынша, конкурс шартына сәйкес жоба алты айда іске асырылуы тиіс. Жылыжайдағы өсімдіктер ауадан, топырақтан түрлі зиянды химиялық қосылыстарды бөліп алып, оны ыдыратады. Сондай-ақ ауа мен топырақтағы зиянды қосылыстарды пайдалы заттарға айналдырады. Соның нәтижесінде оттегі қоры молайып, ғимараттағы ауа сапасы жақсарады.