ATPress.kz. 6 маусым. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және «Келешек Атырау» қоғамдық бірлестігі «Жасырын тұтынушы» әдісімен бірқатар мемлекеттік органның қызметіне қоғам
Басты мақсат - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында жасанды әкімшілік кедергілерді анықтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Кезекті бақылау барысында мемлекеттік мекемелер тарапынан бірқатар кемшілік анықталған. Сонымен:
- Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөліміндегі пандус орналасқан есікке ішкі бетінен кедергі келтірілген;
- қалалық жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттері орналастырылмаған;
- қалалық білім беру бөлімінің кезек күту залындағы ауа салқындатқыштардың істен шыққандығы анықталды;
- қалалық жер қатынастары бөліміндегі құжат қабылдау бөлімінің қызметкері әдеп нормаларына сәйкес келмейтін жат қылықтармен көзге түсті;
- Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөліміндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «қызметкерді көмекке шақыру тетігі» істен шыққан;
- Құрманғазы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус орнатылмаған.
Бүгінде анықталған кемшіліктер бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті тарапынан тиісті тапсырмалар берілген.
Айта кеткен жөн, аталған департамент пен «Келешек Атырау» қоғамдық бірлестігі қоғамдық бақылау жұмысын алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіп отырмақ. Сөйтіп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы әрдайым қатаң бақылауда ұсталатын болады.
Айқара Ғұмар
Фото sputniknewslv.com сайтынан алынған