ATPress.kz. 15 мамыр. Жарылғыш заттар мен қаруларды қолдан жасап үйрететін 21 бейнематериалға тыйым салынды. Бүгінде «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі қауіпті роликтердің әрқайсысын 10 мыңға жуық адам қарап үлгерген.
Мұны Атырау қалалық прокуратурасы ғаламторға мониторинг жасау кезінде анықтаған. Бейнематериалдарда шетелдік азаматтардың жарылғыш құралды қалай жасау керектігін және қандай жабдықтарды сатып алуға болатынын үйрететіні белгілі болды.
Қазір құзырлы мекеме өкілдері бұл бейне-өнімдердің Қазақстан аумағына таралуына біржола тосқауыл қойған.
Айдос Қарабала