ATPress.kz. 8 маусым. Атырау облысында заңды белшеден басқан өзбекстандық азамат жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Іс құжаттарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматы Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосындағы құрылыс обьектісінде тіркеусіз және ешқандай рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеген. Сөйтіп, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған.
Сот қаулысымен шетелдік азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517 бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айқара Ғұмар
Фото papertostone.com сайтынан алынған