«Заңсыз келуші»: 4 күнде – 414 құқықбұзушылық

Атырау облысы аумағында 2024 жылдың 14-18 қазан аралығында республикалық «Заңсыз келуші-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты қызмет көрсетілетін аумақта тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау, заңсыз көші-қон фактілерінің, яғни, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін алдын-алу, жолын кесу. «Заңсыз келуші-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасының 4 күнінде 414 құқық бұзушылық анықталған.

Оның ішінде: - Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеген -160; - Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғандар -103; - Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы – 147; -Қ Р ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бабының үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер-2; - ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бабының екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер-2; - Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы-94; - Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартудың 20 дерегі анықталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ