ATPress.kz. 11 маусым. Атырауда түнгі уақытта көшеде жүріп, заң талабын бұзған 32 жасөспірім ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің Facebook парақшасында хабарланған.
Заң бойынша, кәмелеттік жасқа толмаған балалар алкогольдік ішімдік сататын орында түнгі сағат 22.00-ден кейін болмауы тиіс. Ал, жалпы көшеде жүру уақыты 23.00-ге дейін.
Осы орайда, Атырауда жүргізілген акция барысында заң талабын бұзған 32 жасөспірім ұсталған. Олар Атырау қалалық Ішкі істер басқармасына жеткізіліп, ата-аналарының қатысуымен түсініктеме толтырылған.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы жалғасуда.
Айқара Ғұмар
Фото khabar.kz сайтынан алынған