Сот шешiмiн орындамаған атыраулық айыппұл арқалады

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот мәлім етті. Сотта анықталғандай, Атырау қалалық сотының сот бұйрығына сай, борышкер Е.-ден өндіріп алушы Б.-ның пайдасына балаларды кәмелеттік жасқа толғанша асырап-бағу үшін 1/4 мөлшерінде алимент өндірілген, алайда қазіргі уақытта сот актісі орындалмаған. Е.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамасымен расталады.

Сот қаулысымен Е. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 12 922 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com