Күзгі демалыс кезінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтарды болдырмау 28 қазан 2 қараша аралығында облыс аумағында «Каникул» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Профилактикалық іс-шараның екі күнінде 170 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде:
- ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-бөлігі, яғни кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс болуы бойынша – 151;
- ҚР ӘҚБтК 127-бабы, яғни ата-аналық міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін – 12;
- ҚР ӘҚБтК 132 бабы, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру бойынша - 1;
- ҚР ӘҚБтК 434 бабы, яғни ұсақ бұзақылықпен - 4,
- ҚР ӘҚБтК 435 бабы, кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша - 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
"Құрметті ата-ана! Күзгі демалыс кезінде жасөспірімдердің оқыс оқиғалар мен құқық бұзушылықтарға тап болу себебі олардың көбіне бос уақыттарын тиімді пайдаланбауынан туындайды. Сондықтан, жасөспірім балаңыздың түнгі уақытта көше кезуі және беймезгіл уақыттарда компьютерлік ойын сауық орындарында, қоғамдық орындарда қараусыз жүруі қауіпті екенін ескертеміз" дейді полицейлер.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ