Индер аудандық полиция бөлімінде – жаңа басшысы

Индер ауданы полиция бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Индер ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Нұрлыбек Ибрагимұлы Ахметов тағайындалды. Бөлімнің жаңа басшысын Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Олжабайұлы Ешманов аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына таныстырды.

Айта кетейік, полиция полковнигі Нұрлыбек Ибрагимұлы жаңа лауазымына дейін облыстық полиция басқармасы Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ