Атыраулық енді жеті жыл көлік басқара алмайды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша Н.Т.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2024 жылдың қазан айында Н.Т. Атырау қаласының көшесінде «Renault Logan» маркалы автокөлігін уытқұмарлық масаң күйде басқарған. Бұл туралы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мәлім етті. Н.Т.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық тексеру қорытындысымен, баянатпен және сауалнама хаттамасымен дәлелденді. ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінің санкциясында 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сот қаулысымен Н.Т. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ