Бекіре және басқа да балық түрлерін заңсыз аулаудың, олардың айналымын анықтауға және жолын кесу мақсатында 10 қыркүйекте Жайық-Каспий бассейні аумағында жыл сайынғы «Бекіре-2024» жедел профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңі басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осы ретте, Атырау облысы полиция деапртаменті Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы, 1-бөлігі, яғни балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылығы бойынша 25 азаматқа әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау облысы Құрманғазы ауданының азық-түлік дүкендерінің бірінде заңсыз балық аулаумен айналысқан 1995 ж.т ер адам ұсталды. Тексеру барысында салмағы 27 келі 620 грамм болатын бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Қазіргі таңда Жайық-Каспий бассейнінде қылмыстық іс әрекеттерді болдырмау және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету шаралары әрі қарай бөлім қызметкерлерімен жалғастырылуда.