Атырауда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтпек

Бүгін, 13 қараша күні Атырау облысының жедел штабы терроризмге қарсы ҚР АТО аясында жоспарлы «Атырау-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуын өткізеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру болып табылады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті. Көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілетін болады.
 
Осы ретте, қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұрайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ