Шетелдіктер халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 13 азаматына қатысты 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бір күнде қаралды.
Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының 13 азаматы Қазақстан Республикасы аумағына келу және онда болу қағидалары талаптарын сақтамай, еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсат құжаттарды алмастан еңбек қызметін жүзеге асырған.
Сот отырысында 13 шетел азаматы өз кінәларын мойындап, өздеріне қатысты ел шегінен шығарып жіберумен байланысты емес жаза түрін тағайындауды сұрады.
Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 13 азаматы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 92 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулылары заңды күшіне енді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com