Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге «Бекіре-2024» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Іс-шара кезінде қала аумағында күдік тудырған маркасы Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөлік салонынан 5 полиэтиленді пакетке салынған салмағы 70 келі болатын 23 дана бекіре тұқымдас балық өнімдері тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Айта кетейік, "Бекіре-2024" іс-шарасы басталғалы 900 келіге жуық заңсыз балық өнімдері тәркіленді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ