Атырауда облыстық сот төрағасы журналистерді құттықтады

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Атырау облыстық сотында өңірдегі БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Облыстық сот төрағасының Алғыс хатымен марапатталғандар қатарында "AtyrauPress" сайтының редакторы Динара Қанбетова да бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, шараға Атырау облыстық сотының төрағасы мен судьялары, қалалық соттардың төрағалары, Сот Әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов сот жүйесі жұмысының жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етудегі БАҚ-тың маңызды рөлін атап өтіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, серіктестік және ақпараттық қолдау үшін алғыс білдірді. Оларға заңнамалық реформаларды ілгерілету бағытындағы жұмыстарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіре отырып, БАҚ қызметкерлеріне шығармашылық табыс, мансаптық өсу және мықты денсаулық тіледі.

«Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі қоғамда маңызды рольге ие. Қазіргі өмірді ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Біз үшін сот пен халық қоғам арасындағы негізгі байланыс жүйесі – бұқаралық ақпарат құралдары. Сот жүйесіндегі барлық жаңашылдықтар журналистік қоғамдастықтың арқасында халыққа уақтылы түсіндірілуде. Біз Сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз», - деді М.Парменов.

БАҚ өкілдеріне Атырау облыстық соты төрағасының Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Журналистер өз кезегінде судьялар корпусының БАҚ өкілдерімен өзара жемісті байланысын атап өтіп, өздеріне көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді.

Возможно, это изображение 11 человек и текст