Атырауда монополияға қарсы 1 млрд теңге айыппұл өндірілді

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Айгүл Набиева баспасөз мәслихатында мәлім етті, - деп хабарлайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Биыл департаментпен тауар нарығына жоспардан тыс 17 талдау жүргізіліп, нәтижесінде 7 нарық субъектісінде заң бұзушылық белгілері анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

-«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» мекемесі сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу саласында монополиялық жоғары бағаны белгілегені және сол бағаны ұстап тұрғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сәйкесінше 162 млн теңгеден аса сомаға әкімшілік айыппұл салынып, бүгінде аталған қаражат толықтай мемлекет пайдасына өндірілді. Сонымен қатар«АТМА-Атырау Әуежайы және Тасымалдау» АҚ-ның жалға алушылармен жасалған келiсiмдерде әртүрлi бағаларды және әртүрлi шарттарды қолдану барысында ҚР бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзушылық фактісі анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Бұл мекемеге мамандандырылған сот шешімімен 2 млн астам сомаға айыппұл салынды. Қазіргі уақытта айыппұл толықтай мемлекет пайдасына өндірілді, - деді А.Набиева.

Аталған мекемелерден бөлек, кәсіпорындар мен компанияларға жүргізілген тексерулерден ҚР бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзушылық фактілері анықталып 1 млрд 172 млн теңге қаражат мемлекетке қайтарылды.

Фото: ru.freepik.com