Атыраулық полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қоғамдық орындар мен көшелерде тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесу мақсатында Атырау қаласы аумағында 1-10 маусым аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның бір күнінде бұрын көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізуші анықталып, оған қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталды.
Сонымен қатар, алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 4 көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Одан бөлек, жолдың қарсы бағытына шығу деректері анықталып, жүргізуішілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталды.
Осы ретте, патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тәртіп пен жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ