Атырауда көз жұмған 19 жасар жауынгерде минингокок инфекциясы жоқ

ATPress.kz. 10 маусым. «Атырауда көз жұмған жауынгерде минингокок инфекциясы жоқ. Павлодар облысының Ақсу қаласынан шақырылған 19 жастағы жауынгер туберкулез менингитінен қайтыс болды», - деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтем

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиеваның айтуынша, әскердегі жауынгер Құрманғазы аудандық бөлімшелерінің бірінде қызмет еткен. Медициналық тексеріс нəтижесінде, сондай-ақ, әскери қызметкердің анасының сауалнамасы бойынша, жігіт бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Ол республиканың басқа қалаларында - Алматы, Астана қалаларында емделген.

- Науқаста жиі бас ауруы тіркелген. 17 мамырда ол облыстық клиникалық ауруханаға түскен. Онда жауынгерден ми мен жұлын сұйықтығынан сынама алынып, зерттеу жүргізілген. Молекулярлық диагностика нəтижесінде жауынгерде ми мен жұлынның қабығында туберкулез таяқшасы анықталған, - деді Мəншүк Аймурзиева.

Барлық қажетті сынақтар өткізілгеннен кейін жас жігіт екі апта бойы туберкулезге қарсы препараттармен емделген және облыстық ауруханада мамандардың бақылауында болған. Осыдан кейін жауынгер облыстық туберкулезге қарсы диспансерге көшірілді. 

- Өкінішке орай, қан тамырлары аурулары асқынған. Бірте-бірте басқа органдардың асқазан-ішек жолдары аурулары, геморрагиялық васкулит аурулары асқынған. Барлық қабылданған ем-шаралары сәтсіз болды. Қазіргі уақытта науқастың медициналық көмекке өтініш беру хронологиясы анықталып жатыр. Ресми тергеу басталып, барлық тиісті органдарға жағдайды сараптау және бағалау үшін арнайы хабарланды, - деді Мəншүк Аймурзиева.

Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Саиын Шомыровтың айтуынша, әскери қызметтегі әскери қызметкердің ауруы жұқпалы емес және ауадағы тамшылармен тасымалданбайды. Флюорография кезінде науқастың өкпесі таза болған.

 

Тасым Әбіш