Атырауда азаматтық іс медиация тәртібімен шешілді

Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы С.-ның жауапкер Б.-дан өзінің пайдасына баласы 3 жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі медиация тәртібімен аяқталды.

Махамбет аудандық сотының мәліметінше, судья медиатор тараптарға медиациялық келісімнің артықшылықтары мен тиімділігін түсіндіріп, оларды келісімге келуге шақырды.

Нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келді.

Келісім шарты бойынша жауапкер Б. талап қоюшы С.-ның пайдасына баласы 3 жасқа толғанша, әр айдың 15-не дейін ай сайын 20 000 теңгеден төлеуге міндеттенді. Талап қоюшы талаптан бас тартты.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, тараптарға құқықтық салдары түсіндірілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com