Уәкілетті органдарға шара алу үшін жолданған аудит материалдары негізінде 164 әкімшілік іс қозғалып, 85 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 14 млн 588 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нұрбол Қонысов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп.
- Салыстырмалы түрде, өткен жылдың 9 айында 24 әкімшілік іс қозғалып, 19 лауазымды тұлғаға 1 млн 640 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ биыл бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау немесе тиімсіз пайдалану бойынша 7 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Қазіргі уақытта 2 лауазымды тұлғаға айыппұл (барлығы 483 мың тнг) салынып, 2-уіне ескерту берілді. Ал қалған 3 лауазымды тұлға сот қарауында, - деді Н.Қонысов.