«APEC Petroteсhnic» колледжінің студенттеріне жолақы төленбегені анықталды

ATPress.kz. 1 маусым. 2015 жылдан бері Атыраудағы «APEC Petroteсhnic» колледжінің студенттеріне жолақы төленбей келген. «Қазіргі уақытта аталған кемшілік жойылып, білім алушылардың шоттарына тиісті қаржылары аударылуда», - деп хабарлайды оқу орнының өкілд

Бұл заң бұзушылықты Атырау қаласының прокуратурасы «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығын беру туралы» қалалық мәслихаттың №268 шешіміне және бұған дейінгі күші жойылған қалалық мәслихаттың №114 шешіміне мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

Жалпы, ҚР «Білім туралы» Заңының 47 бабы 4 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілері жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге құқылы.

Бүгінде қала аумағында 17 жоғары оқу орнының және колледждің әрбір студентіне банктік есепшоты арқылы жергілікті бюджеттен қоғамдық көлік тарифінің 50 пайызы төленуде.

Алайда, талдау барысында «APEC Petroteсhnic жоғарғы техникалық мектеп» ЖШС-нің студенттеріне 2015 жылдан күні бүгінге дейін жолақы төленбеген.

Демек, жергілікті атқарушы және өкілді органның жауапты қызметкерлерінің заңды білмеуінен студенттердің құқықтары бұзылып отыр. 

Қазіргі таңда анықталған заң бұзушылықтар бойынша қала әкіміне прокурорлық акт енгізілген. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен 670 студентке ақша аударылуға шаралар қабылданды.

 

Айқара Ғұмар

Фото yvision.kz сайтынан алынған