ATPress.kz. 15 мамыр. Атырауда аккумулятор ұрлығын кәсіп еткендер көп. 14 мамырда Құрсай ауылының тұрғыны ауласында тұрған «КамАЗ» автокөлігінен екі «Қайнар» маркалы аккумулятордың ұрланғанын айтып полицейлерге шағымданған.
Атырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13-14 мамыр күндері сағат 17.00 мен таңғы 8.00 аралығында болған. Жалпы, келген шығын көлемі 92 мың теңгені құрап отыр.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, ұрлық болған жерден аяқ киімнің ізі табылған. Қазір «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді анықтауға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, көлік ұрлығының көбейіп кетуіне байланысты, атыраулық полицейлер 12-14 мамыр аралығында «ЦветМет» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізген еді. Акция аясында өңірдегі көлік жөндеу орталықтары тексеріліп, 30 астам заңды құжаты жоқ аккумулятор табылған.
Айдос Қарабала