2500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды
«Белсенді азаматтар 06» жол қозғалысына қатысты 2500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы ПД басшылығы бастамасымен ашылған «Белсенді азаматтар 06» Telegram жұмыс чатында желі қолданушылары тарапынан келіп түскен құқық бұзушылықтар, яғни Атырау қаласында жол ережелерін өрескел бұзған көлік жүргізушілері дер кезінде анықталып, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдануда. Аталған жұмыс чатына желі қолданушыларынан жыл басынан бері Атырау қаласы аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу бойынша 2500-ге жуық арыз-шағымдар түсіп, шаралары қабылданған.
Мәселен, 27 қараша күні сағат 00:15 шамасында Әбілхайыр хан даңғылы және К.Маденов көше қиылысында маркасы Hyundai автокөлігінің 2005 ж.т жүргізушісі қарсы бағытқа шыққаны белгілі болды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, сотқа жолданды.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.