Р. Ғилажев: «Латын қарпіне көшу – жастарға жасалған мүмкіндік»

ATPress.kz. 14 қыркүйек. Бүгінде қазақ қоғамында латын әліпбиіне қатысты көптеген пікірлер айтылуда. Бірі – бірыңғай нұсқаны әлі де жетілдіру қажет деп санаса, енді бірі - «бір әріп – бір дыбыс» қағидасын назарға алған жөн деп біледі. Бірақ, бір анығы - л

Осы орайда, ATPress.kz облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Ринат Ғилажевтің пікірін білді. Оның айтуынша, латын қарпіне көшу – жастардың білім алуына үлкен жеңілдік. «Жастар заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуы керек. Қазіргі таңда түркі тілдес мемлекеттерде білім аламын деген жасқа зор мүмкіндіктер беріліп отыр, себебі ол елдер әлдеқашан латын қарпіне көшкен», - дейді Р. Ғилажев. 

«Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп айтқан еді. Әлбетте, латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы елімізді биік белестерге бастайтынына кәміл сенемін», - деп ойын түйіндеді Атыраудағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы 

 

Айдос Қарабала

Фото khabar.kz сайтынан алынған