Е. Тілешов: «Латын әліпбиіндегі қазақ тілінің әріптері азайған жоқ»

ATPress.kz. 12 қыркүйек. Қазақ тілінің қазіргі кириллица нұсқасында 42 әріп бар. Ал жаңа латын әліпбиінің бірыңғай стандартына 25 таңба пен 8 диграф еніп отыр. Алайда онымен қазақ тіліндегі әріптер азайып отыр деуге болмайды. Бұл туралы Шайсұлтан Шаяxмето

«Бұл жерде таңбаны емес, дыбысты санау қажет. Латын нұсқасында біз қазақ тілінің барлық дыбыстарын қамтыдық па? Осыны ойлауымыз ләзім. 42 әріп - ол қолдан жасалған алфавит. Мысалы, ағылшын тілін алайық, оларда 44 дыбысты 26 таңбамен жеткізеді. Біз болсақ, керісінше, 28 дыбысты 42 әріппен беріп отырмыз. Ол дұрыс емес. Ең бастысы, дыбысты жоғалтпау қажет. Ал әріптің санында тұрған ештеңе жоқ», - дейді Ербол Тілешов. 

Оның айтуынша, «я» мен «ю» дыбыстары қазақ тілінде, тіпті орыс тілінде де жоқ. Оны «иа» мен «иу» деп белгілейді. Ондай болса, әріптерді ұстаудың ешбір қажеттілігі жоқ. Сол сияқты «ь» мен «ъ» дыбыстары қазақ тілінде мүлдем болмаған. Себебі сингармонизм заңы бойынша жіңішкелік пен жуандық буынмен анықталады. 

«Біз латын нұсқасындағы 25 таңбаны аспаннан алған жоқпыз. Бұл - ұзақ жұмыстың нәтижесі. Ал 8 диграфпен біз латын қарпі арқылы қазақ тілінің қосымша дыбыстарын жеткізіп отырмыз. Бір нәрсені ұғып алу қажет, біз алдымен қазақ тілінің барлық дыбыстық жүйесін қамтуымыз қажет. Латын әліпбиінің қазіргі нұсқасы осы мақсатқа толығымен жауап беріп отыр», - деп атап көрсетті орталық директоры баспасөз мәслихатында.

 

Айқара Ғұмар

Фото vechastana.kz сайтынан алынған