«Теңізшевройл» компаниясы басшылығы апатты жағдайға қатысты түсінік берді деп хабарлайды ATPress.kz.
"Теңізшевройл» кәсіпорны 2022 жылдың 6 шілдесінде «Сенімді құрылыс» мердiргер Ұйымы мен оның қосалқы ұйымдары қызметкерлері құрылыс алаңында атқарған гидравликалық сынау кезінде қысымның түсуі орын алып, нәтижесінде мердiгер ұйымының үш қызметкері жарақат алғанынан және екеуі қаза тапқанынан хабардар. Жарақат алған қызметкерлер ТШО клиникасына жеткізіліп, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде. ТШО басшылығы мен қызметкерлерiмiздің атынан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз" делінген ресми хабарламада.