Бұл суыт хабарды ATPress.kz Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оқиға 6 шілде күні, сағат 09:55 шамасында болған.
"Жылыой ауданында Теңіз қалашығында тұрба жарылып, салдарынан 1985 жылы туған екі қызметкер қайтыс болған. Түрлі дене жарақатын алған 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетілуде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3 бөлімімен тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды" делінген хабарламада.