Ақтауда полицейлер адам өлтірді деген күдіктіні «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды ATPress.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды.
28 жастағы күдікті «ізін суытпай» , ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді, – делінген хабарламада.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.