Болат Назарбаев жүздеген миллион доллар тұратын жер телімдерін иеленіп алған

Қоғам белсендісі Ерлан Сайыров Болат Назарбаев заңсыз меншіктеген жер телімдерін қайтаруды талап етті.

Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы кезінде Кеңес төрағасы Ерлан Саиров айтты.

"Біз өткендегі "ығай мен сығайлардың" жемқорлық, протекция істерінен де сабақ алуымыз керек.

Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59- жер телімі, объект алған.

Сол кісінің фамилиясына берілген. Бұл жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады.

Ал, цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2- млн астам азаматтар 10- соток жер ала алмай телміріп жүр. Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік?

Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызады.

Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады. Партиялық Кеңес аппаратында осфы мәселенмен терең айналысуға тапсырма беремін! "Жер-Аманат" комиссиясымен бірге істеу қажет" деді Ерлан Сайыров.

Баян Жанұзақова