Атырауда көлік апатынан 2 адам қайтыс болды

Атырауда көлік апатынан 2 адам қайтыс болды, деп хбарлайды ATPress.kz.

31 тамыз күні Доссор-Құлсары-Ақтау республикалық тас жолының 74 шақырым тұсында таңғы сағат 04:20 шамасында Toyota автокөлігі аударылды.  Соның салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тапты. Оның бірі 1984 жылы туған жүргізуші, ал екіншісі 1991 жылы туған жолаушы.

Ал 1988 жылы туған тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жекізілді.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.