Атырауда есірткі тасымалдаған Нигерия азаматы ұсталды

Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан Нигерия азаматы ұсталды, деп хабарлайды ATPress.kz. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атырауда Нигерия Федералдық Республикасының азаматы синтетикалық есірткі заттарын сақтау және тасымалдаумен айналысқан. Аталған 1998 жылы туған ер адамды Атырау ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе жүргізген “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтап, ұстаған.

Shevrolet cruze маркалы автокөлігін тінту кезінде әрқайсысы салмағы шамамен 1 гр болатын таспаға оралған 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 5 гр "мефедрон" синтетикалық есірткісі екендігі анықталды.


Қазіргі уақытта күдікті Атырау қаласындағы уақытша устау изоляторына  қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Фото ашық дереккөздерден алынды.