Атырауда жыл басынан бері 4000-ға жуық ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелді

Тәртіп сақшылары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралардың негізі мақсаты - жүргізушілер арасында көлік тәртібін дұрыстау, авариялық жағдайларды азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу болып отыр.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

"Ағымдағы жылдың жеті айында маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 1700-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 174 жүргізуші, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 318 жүргізуші ұсталды. Өңірдің автожолдарында алты айда 70 жол-көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тауып, 71 азамат жарақат алды".

 Негізінен жол апаттарының себептері жылдамдық режимін сақтамау, қарсы жолаққа шығу, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуынан болып отыр. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер себепті 77 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам қаза тапты, 37 адам түрлі жарақат алды.