Атырауда жолға жүгірген адам «КАМАЗ» автокөлігіне басылып қалды

Желілерде Атырау қаласында «КаМАЗ» автокөлігіне өзі барып басылып қалған адамның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Уатсап желісі арқылы тараған бейнежазбада қала көшесіндегі жол үстінде екі адамға көнбей көлікке  жүгірген белгісіз азаматтың «КаМАЗ» автокөлігіне басылып қалғаны анық түсірілген.
Мәселеге қатысты түсінік берген Атырау облыстық полиция департаменті  оқиғаның Атырау  қаласында болғанын растады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды» делінген департаменттің хабарламасында.