Республикалық маңызы бар Ақтөбе — Атырау тас жолының 590 шақырымында болды деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Lada Priora» маркалы автокөлік жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтамай, алда келе жатқан «Камаздың»артқы бөлігіне соққан. "Сол соққыдан ол қарсы жолаққа түсіп, ол жерде басқа «Lada» маркалы көлікке соғылды. Апат салдарынан оқиға орнында 22 жастағы «Lada Priora» жүргізушісі көз жұмды. Сонымен қатар, Атырау облыстық ауруханасына қарсы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді. Мән-жайлар анықталуда, тергеу басталды" делінген хабарламада.