Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолы бойында жол апаты болды деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеді. "Доссор-Құлсары-Бейнеу" тас жолының 105 шақырымы тұсында HIGER маркалы автобусы мен Toyota Camry автокөлігінің соқтығысқан. Салдарынан автобус ішіндегі 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Тергеу амалдары жүргізілуде" делінген хабарламада.