Атырауда балалар отырған аттракцион үзіліп кетті, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеді.
"16 шілде күні сағат 22:30 шамасында балалар аттракционы балаларды отырғызып сәлден кейін тоқтап, үзіліп кетеді. Сол жерде жедел-жәрдем шақырылған. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша тергеу жүргізілуде"делінген хабарламада.