Атырауда автокөлік аударылып, 1 адам қаза тапты

Мақат ауданы аумағында жол апаты болып, 1 адам қаза тапты деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеді.

 "17 шілде күні сағат 14:09 шамасында Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылына баратын тасжолдың бұрылысында Lada Priora көлігі аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1974 жылы туған көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. 1974 жылы туған көлік жолаушысы дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүргізілуде" делінген хабарламада.