Атырау облыстық прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің және Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бірлесуімен аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау фактісін анықталды.
Тәртіп сақшылары «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 30 шақырымында маркасы «Toyota Ipsum» тоқтатып, тексеру кезінде жалпы салмағы 17 кг болатын «марихуана» есірткі затын анықтады. Аталған дерек бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасымен ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынған.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.