Атыраудың Элеваторный аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облысы Төтенше Жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының ақпараты бойынша, бүгін сағат 16.54-тен бастап қаладағы Элеваторный ауданы аумағында құрғақ шөп өртенуде.
Өртті ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД-нің 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Семсер «Өрт сөндіруші» мекемесінің 3 қызметкері мен 2 бірлік техникасы да өртті сөндіруге атсалысып жатыр.