Жылыойда облыстық ақындар мүшәйрасы өтті

Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында «Кең Жылыой - біздің елдің тиянағы» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ғабдол Сланов атындағы сыйлықтың иегері, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы Нұрлан Қамидың шығармашылығы таныстырылып, кездесуден өткізілді. Сондай-ақ қаламгердің «Қыз Данайдың қырғыны» атты кітабының тұсауы кесілді.

Кейін жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, әрі қарай кеш мүшәйрамен жалғасты. Мүшәйраға қатысушылар 2 кезең бойынша бақ сынады.

І кезеңде - үміткерлер Жылыой ауданының 95 жылдығына арналған өлеңдерін оқыса, ІІ кезеңде - әртүрлі тақырыпқа сай 30 минут ішінде шығарған өлеңдерін оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде - Нұрман Жолдас (Қызылқоға ауданы)

І орын - Диана Ізбасарова (Жылыой ауданы)

ІІ орын - Нұрхат Қуандықов (Жылыой ауданы)

ІІІ орын - Нұрлыбек Амандықов (Жылыой ауданы)

ІІІ орын - Ақтілек Абаева (Атырау қаласы) иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Байқауға қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ғабдол Сланов атындағы сыйлықтың иегері, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы Нұрлан Қами, ҚР Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Жылыой ауданының Құрметті Азаматы, ақын Бүркіт Базарбаев, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Кең Жылыой» газетінің бас редакторы Ербол Қошақанов төрелік етті.