ATPress.kz. 5 қаңтар. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электронды нұсқасын енді Ақорданың ресми сайтынан жүктеп алуға болады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, astanatv.kz сайты хабарлап отыр.
Еске сала кетелік, «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегінің таныстырылымы Тәуелсіздік күні қарсаңында болып өтті. Аталған еңбекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отанымыздың жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген авторлық көзқарасымен бөліскен.
Мазмұны аса бай шығарма төрт бөлімнен тұрады. Олар – «Мемлекетіміздің дүниеге келуі», «Ұлы бетбұрыс», «Қияға құлаш сермеу» және «Қалыптасқан мемлекет» деп аталады. Тарихи публицистика жанрында жазылған кітап қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты.
Бек Әзберген
Сурет: egemen.kz