Қызылқоғада отбасылық ансамбльдер өнер көрсетті

ATPress.kz. 26 желтоқсан. Қызылқоға ауданында отбасылық ансамбльдер бақ сынасты. «Арнадым өнерімді туған жерге» атты өнер сайысына қатысқан алты отбасылық ансамбль өздерін әр қырынан танытты.

Бірі қазақтың қасиетті қара домбырасымен сахнаға шықса, екіншісі эстрадалық жанрда, үшіншісі баянмен ән шырқап көпшілік қошеметіне бөленді. 

Сайыс қорытындысында  «Қос бәйтерек» пен «Мерекем» әндерін орындаған Ойыл ауылдық округінен қатысушы Жаймағамбетовтер отбасылық ансамблі бас жүлдені жеңіп алды. Көрермендерге «Перзент парызы» мен «Астана вальсін» тарту еткен миялылық Стоммалар отбасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Көбенғалиевтер (Көздіғара ауылдық округі) мен Құлбатыровтар (Жангелдин ауылдық округі) отбасылары өзара бөлісті. Үшінші орынға қаракөлдік Жұмашевтар мен қоныстанулық Жакеновтер отбасылары ие болды. 

 

Бауыржан Сақтасинов