Майкөмген, Жем, Қосшағыл округтеріне спорт кешені салынады

ATPress.kz. 17 ақпан. Жылыой ауданының бірқатар ауылдарында спорттық кешен салынады. Жылыой ауданының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлының айтуынша, Майкөмген, Жем, Қосшағыл округтеріне дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, Құлсары қаласына 290 орындық екі балабақша және Майкөмген ауылдық округіне 100 орындық осындай балалар нысанын салу көзделуде», - деп атап өтті спикер «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының Атырау облысында іске асырылуы туралы өңірлік коммиссияның отырысында.  

Айта кетелік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жылыой ауданына қарасты Қара Арна, Жаңа Қаратон, Ақкиізтоғай үш ауылдық округтерінде дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендері тапсырылды. 

Тағы бір жаңалық, Жылыойдағы «Ақмешіт» тарихи-мәдени орны жаңғыртылады деп күтілуде. Және Құлсары қаласының айналма жолына Жылыой ауданының үш батыры - Төремұрат, Нарынбай, Өтен батырларға ескерткіш орнату жоспарланып отыр. 

 

Бек Әзберген

Сурет: atyrau-city.kz