Жаңа жыл қарсаңында махамбеттік әдебиет сүйер қауым үлкен қуанышқа кенелді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Махамбет аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде Таңдай топырағының талантты перзенті, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Махамбет ауданының Құрметті азаматы, марқұм Қадыржан Қазымбекұлының «Тәңірге табыныс» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Ақынның жұбайы Гүлжан Нысанқұлова мен ұлы Біржан Қадыржанұлы осы кітапты шығаруға атсалысқан барша азаматтарға, шараны ұйымдастыруда қолдау көрсеткен Махамбет ауданы әкімдігіне, аудандық және Бақсай ауылдық мәдениет үйі мен ауыл өнерпаздарына алғыс сезімдерін білдірді.
Көркемсөз оқу шеберлері Нұргүл Жалмұханова ақынның «Галош», Ербол Ғұмаров «Әкемнің саймандары», Бексұлтан Маратұлы «Жалғыздық» атты өлеңдерін оқыды.