Махамбет ауданында Махамбет Өтемісұлына ескерткіш қойылды

ATPress.kz. 1 қаңтар. Махамбет ауданында халық батыры Махамбет Өтемісұлына ескерткіш орнатылды.

Махамбет ауылының орталық алаңында орналасқан ескерткіштің жалпы биіктігі - 10 метр 80 см. Қоладан құйылған ескерткіштің тұғыры темір бетонмен жасалып, гранитпен қапталған. Ескерткіштің авторы - мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Серік Матениязов туындыда Махамбет бабаның өрлігін, батылдығын, қайсарлығын жан-жақты ашып көрсетуге ұмтылғанын айтады.

Алып туындының ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиев пен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы М. Өтешов қатысты. Батырдың ұрпақтары атынан Б.Ғабдуллин жылы лебіздерін арнады. 

 

Ф. Қожанова, 

Махамбет ауданы