Халықаралық бәйгеде мектеп оқушылары топ жарды

ATPress.kz. 14 ақпан. Жылыойлық оқушылар халықаралық бәйгеде топ жарды.

Шымкент қаласында өткен «Uly dala daryny» атты бірінші халықаралық білім және өнер байқауына «Жылыой аудандық жас техниктер станциясының» бір топ білім алушылары қатысып, «Қолөнер және бейнелеу» номинациясы бойынша бақ сынасқан болатын.

Сайыс кезінде балалар өз жұмыстарын жасау технологиясын түсіндіріп, жоғары бағаларын алды. Әлішер Нұрланұлы «Бас жүлде» иегері атанды. «Алтын жүлдені» Лаура Тұрсынқұл, Жұлдыз Аюпова, Набира Орынғалиева, Ұланбатыр Аққуанов және Жанна Мұхтарова иеленді. «Күміс жүлдеге» Нұрдана Багитова, Альбина Жауынбай, Айсұлу Балментаева, Жансая Қайсекен лайық деп танылды. Асхат Темірбай мен Арайлым Миранбек «Қола жүлдегер» атанды.

Айта кетелік, халықаралық байқау М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Ж. Шаңқанова