Исатайда Гүлмайдан Сүндетованың шығармашылық кеші өтті
Ағымдағы жылдың 27 желтоқсан күні Исатай ауданының 95 жыл мерейтойының тұсында әнші-композитор Г.Сүндетқызының «Ауылым әнімсің» атты шығармашылық кеші өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медальінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, Жетісу облысының және Исатай ауданының құрметті азаматы атағымен марапатталған Г.Сүндетқызының 65 жас мерей тойына арналған шығармашылық кеш өзінің туған жері Жанбай ауылының мәдениет үйінде өтті. Осы кешке қатысқан Исатай ауданының әкімі Н.Мусин аудан жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шығармашылық кештің иесіне өз ризашылығын білдіріп, иығына шапан жауып, құттықтау хатын ұсынды.
Кеште композициялық әуезді әндер шырқалып, кеш иесі өмір дерегінен сыр шертті. Шығармашылық кешке ауданымыздан бөлек облыстан келген қонақтарымыз өзінің жылы лебіздерін жеткізіп, сый-сияпаттарын жеткізді.
Видео: "Каспиан ньюс"